Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанаға күніне қанша мың адам келетінін айтты

Опубликовано:

Астана
Астана. Фото: NUR.KZ

Астанаға маңындағы ауылдардан күн сайын 200 мың адам қатынайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Елордалық агломерацияны дамытуға келетін болсақ, біз бетпе-бет келген көптеген мәселе бар. Мысалы, көші-қон мәселесі. Күн сайын елорадаға облыстың жақын орналасқан ауылдардан 200 мыңнан астам адам мен 30 мыңнан астам автокөлік қатынайды.

Ресми мәлімет бойынша, агломерациялық аймақта 180 мың адам тіркелгенімен, нақты 300 мың адам тұрады. Бұл бюджетті жоспарлауда және елорда маңындағы елдімекендерді әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етуде белгілі бір қиындық тудырады", - деді Ахметжанов.

Ақмола облысы әкімінің айтуынша, дәл осындай жағдай Астанаға жақын орналасқан Қосшыда да байқалады. Ресми мәлімет бойынша, онда 52 мың адам, ал нақтырақ айтсақ, 100 мыңнан астам адам тұрады.

Әкімнің сөзінше, бұл жедел жәрдем көліктерінің тапшылығын тудырады. Марат Ахметжанов есеп тұрғындардың ресми деректеріне негізделгендіктен, Қосшыда жедел жәрдем көліктері тұрғындар қажеттілігін жаба алмайтынын, яғни екі есе аз екенін айтты.

"Осы мәселелерді шешу үшін біздің алдымызда агломерация орталығы мен іргелес елдімекендер арасындағы теңгерімсіздікті барынша азайту міндеті тұр. Жаңа кешенді жоспардың жобасы әзірленді, онда 303 шара қарастырылған. Оның ішінде жеке инвестициялар есебінен қаржыландыралатын шаралар да бар. Кәсіпкерлерге ерекше жағдай жасау үшін елорда әкімімен келісімге келдік.

Мәселен, агломерация төңірегіндегі, яғни Ақмола облысындағы жер телімдері Астанадағы инвесторларға ұсынылады. Осылайша, облыстың ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі саласындағы әлеуеті кеңінен пайдаланылады, яғни жаңа жұмыс орындары ашылады", - дейді Марат Ахметжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049457-aqmola-oblysynyn-akimi-marat-axmetzanov-astanaga-kunine-qansa-myn-adam-keletinin-aitty/

pixel