Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана қалалық жедел жәрдем станциясының басшысы екі айға қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қалалық жедел жәрдем станциясының басшысы екі айға қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"2023 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысын 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, 5 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысын ұстағанын хабарлаған болатын.

Агенттік өкілдері басқа мәлімет ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049476-astanada-zedel-zardem-stanciyasynyn-direktory-qamauga-alyndy/