jitsu gif
Оқыс оқиға

    Абай облысында көктайғақ болып, мектептерде сабақ тоқтатылды

    Көктайғақ
    Көктайғақ. Көрнекі фото: Michal Fludra/NurPhoto/Getty Images

    Абай облысында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа айналған. Осы себепті мектептерде сабақ тоқтатылып, күре жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Өңірде Семей-Қарауыл бағытындағы тас жолда көліктердің жүріп-тұруы қиындаған. Жол сақшылары жүргізушілерді кері қайтаруда. Алайда ескертуден бұрын жолға шығып кеткендер діттеген жеріне жете алмай жатыр. Мәселен, жылтыраған мұзда үш жүк көлігі жолда қалып, біреуі апатқа ұшыраған. Абырой болғанда жүргізушісі дін аман.

    Сондай-ақ облыс орталығында көше де мұз айдынына айналған. Көктайғақтың кесірінен мектептердегі бірінші аусым оқушыларына сабақ тоқтатылды.

    Қазір көктайғақ еріп, күре жолдар ашыла бастады. Алайда ауа райын болжаушылар алдағы күндері қатты аяз болатынын айтуда.

    "Тез арада көмек көрсеттік. Құм төккізіп, басқа техника көмегімен тас жолға қайта шығардық. Өз жеріне жеткіздік. Ауа райы күрт өзгеріп қарлы боран кезінде, жаңбыр мен қар жауып көтайғақ кезде аса маңызды болмаса, алыс жолдарға шықпауды сұраймыз", - деді Абай облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Бақытбек Сыдықбаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.