Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өртенген орманды қалпына келтіруге 40 жыл уақыт керек

Опубликовано:

Абай облысында орманнан шыққан өртті сөндіріп жатқан өрт сөндіруші
Абай облысында орманнан шыққан өртті сөндіріп жатқан өрт сөндіруші. Фото: t.me/EcologyofQazaqstan

Абай облысында күлге айналған қарағайлы орманды қалпына келтіруге 40 жыл уақыт керек. Алапат өрттен 6 миллион текше метр ағаш жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды KTK арнасы.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, маусым айындағы өрт кезінде діңгегі отқа оранған қарағайларды дереу отау қажет. Өйткені жанып кеткен ағаштарға зиянкестер үймелейді.

Ал өзегіне құрт түскен жағдайда қарағай еш нәрсеге жарамайды екен. Сондықтан мамандар өртенген 65 мың гектарға жуық алқапты тазартуды ақпан айында бастауды жоспарлап отыр.

Қазір олар өртенген алқапты қалың орманға айналдыруға жұмсалатын қаржыны есептеп жатыр.

"Семей орманы" МТОР бас директорының орынбасары Ғани Алпысшаловтың айтуынша, орманды қалпына келтіруге 40 жыл уақыт қажет.

"Енді біз оны тұқымбақта екі жыл бойы өсіреміз, жеткіземіз. Содан кейін ол ағаштарды алып орманға отырғызамыз. Сонда бір ағаштың өсіп-жетілуіне, үлкен орманға айналуына 40 жыл уақыт керек", - дейді ол.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, биыл 8 маусымда Абай облысы "Семей орманы" табиғи резерватының аумағында өрт шығып, салдарынан "Семей орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапқан еді.

Өрттен адамдардың көз жұмуына байланысты Қазақстанда 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049560-abai-oblysynda-ortengen-ormandy-qalpyna-keltiruge-40-zyldan-astam-uaqyt-kerek/

pixel