jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстанда утиль алымы үшін төлем қағидалары бекітілді

    Қайта өңдеуге жіберілген көліктер
    Қайта өңдеуге жіберілген көліктер. Көрнекі фото: pixabay.com

    ӨКМ қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу төлемдерінің қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми Facebook-тегі парақшасында.

    "27 қарашада Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілерден және импорттаушылардан оның банктік шотына түскен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға төлемдер арқылы ақшаны жіберу қағидалары" бекітілді (EcoQolday)", - делінген хабарламада.

    Қағидалар биыл 6 желтоқсанында жарияланған, ол 2024 жылдың 4 ақпанында қолданысқа енгізіледі (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң).

    Министрлік өкілдері осыған байланысты "Жасыл даму" акционерлік қоғамы 11 желтоқсаннан бастап қалдықтарды жинаушылар мен қайта өңдеушілер, сондай-ақ т.б. мүдделі тараптар үшін жоғарыда аталған қағидаларды түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізетінін атап өтті.

    Түсіндіру жұмыстарын жүргізу күні, уақыты және орны туралы қосымша ақпарат "Жасыл даму" акционерлік қоғамының сайтында жарияланады.

    Қазақстанда утиль алымы үшін төлем қағидалары бекітілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.