Алматы облысында 3-сынып оқушысы соққыға жығылған: әкесіне қатысты іс қозғалды
Жарияланған күні:
Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Әкесі ұрды деген үшінші сынып оқушысының беті көгергенін сынып жетекшісі байқаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сынып жетекшісі дереу уәкілетті органдарды, жедел жәрдем мен кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімді шақыртқан. Өйткені бала оны әкесі ұрып-соққанын хабарлаған.
Балаға жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы және беттің көгеруі жоғарғы еріннің гематомасы, сондай-ақ қолдың гематомасы мен көгеруі диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта білім басқармасы ата-аналармен жұмыс істеп жатқаны хабарланып отыр.
Ал баланың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, іс Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау").
Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және әділ зерттеуге бағытталған барлық қажетті іс жүргізіліп жатқаны айтылады.
Қалған ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049675-almaty-oblysynda-3-synyp-oqusysy-soqqyga-zygylgan-akesine-qatysty-is-qozgaldy/