Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өздеріне қажет кадрларды кесіп алған": Қызылорда облысының әкімі даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев. Видеодан кадр: t.me/asshotobozhaet

ОКҚ-да өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік желіде тарап кеткен өзіне қатысты видеоға пікір білдірді. Видеода әкім облыс аудандарының бірінде тұрғындарға пәтер кілтін жақтырмағандай кейіпте тапсырып жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл видеодағы әрекетін әкімнен журналистер сұраған. Видеодағы әкімнің жақтырмай кілт тапсырған әрекеті халыққа жағымсыз әсер қалдырған. Журналистер Нәлібаевтан жағдайға қатысты ойын айтуды сұрады.

Қызылорда облысының әкімі бұған жауап ретінде облыс орталығында ғана емес, аудандарда да үйлер салынып жатқанын айтты.

"Алғашқылардың қатарында Арал ауданында салынып жатқан үйлер бар. Онда 100 отбасына баспана кілтін табыстадым. Бұл - сол кезде болған жағдай. Негізінде ондай факт (жақтырмау – ред.ескертпесі) болған жоқ. Кеше баспасөз қызметінің басшысы маған бұл видеоны шығарған адамдар өз рейтингін көтеру үшін оны монтаждап, жылдамдатып, өзіне қажетті кадрларды ғана кесіп алған. Баспасөз қызметі бұл адамдар өз кінәсын мойындағанын, түсініктеме бергенін жеткізді", - деді Нәлібаев.

Оның айтуынша, сол шараның толық видеосын Қызылорда облысы әкімдігінің сайтынан көруге болады.

"Баспана кілтін ақсақалдар да табыстады. Кадрдан қыздың шыққанын көруге болады, ардагерге кілтті апарсын деп қолыммен көрсеттім, бірақ ол түсінбеді. Күн суық болды. Сөйтіп, кілтті өзім алып бердім", - деді Нәлібаев.

Ол бұндай әрекеттерді жасау дұрыс емес деп атады.

"Әрине, сын айту керек, біз оны қабылдаймыз. Қорытынды жасаймыз", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Әкім Нәлібаевқа қатысты атышулы видеоның үзіндісін журналист Асхат Ниязов өзінің Telegram-арнасында жариялаған.

Айтпақшы, Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 1 қарашада Instagram желісіндегі ресми парақшасында аталмыш шарада түсірілген фотолар мен видеоларды жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049706-ozderine-qazet-kadrlardy-kesip-algan-qyzylorda-oblysynyn-akimi-dauly-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel