Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкім шымкенттіктердің табысы туралы айтып берді

Опубликовано:

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков. Фото: primeminister.kz

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бүгін ОКҚ брифингінде өзінің карьерасын бастаған сәтінде 18 мың теңге жалақы алғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтен оның жалақысы қала бойынша ең төменгі жалақыдан қаншалықты көп екенін сұраған. Қала басшысы сұраққа тікелей жауап бермеді, есептеп көру керегін ғана атап өтті.

"Мен жалақымның қаншалықты көп екенін бірден айта алмаймын, қателеспеу үшін есептеп көру керек шығар. Бірақ мен еңбек жолымды ең төменгі жалақыдан бастадым – ұмытпасам, 18 мың теңге алдым. Баяндамада қаладағы орташа жалақы 270-355 мың теңге", - деді Сыздықбеков.

Өз баяндамасында мегаполис басшысы биыл жергілікті деңгейде 16 мыңнан астам аз қамтылған бюджеттік қызметшілерге үстемеақы қарастырылғанын, олардың жалақысы үстемеақының арқасында 100 мың теңгеден асқанын хабарлады.

Нәтижесінде қаладағы орташа жалақы 17 пайызға өсіп, 270 355 теңгеге жеткен. Орташа жалақы 215 906 теңгеге тең, осылайша былтырғымен салыстырғанда 23 пайызға өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049709-akim-symkenttikterdin-tabysy-turaly-aityp-berdi/

pixel