jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев Астанаға келді (фото)

Нұрәлі Әлиев
Нұрәлі Әлиев. Фото: instagram.com/imnurali

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев Қазақстанға ұшып келді. Ол Instagram-дағы парақшасында Астанада түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрәлі Әлиев Instagram-дағы Stories бөлімінде Астанадағы Триатлон саябағында жүгіріп жүргенде түсірген фотоларын бөлісті.

Нұрәлі Әлиев
Нұрәлі Әлиев. Скриншот: instagram.com/imnurali

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев - Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғышы. 2020 жылы Нұрәлінің інісі Айсұлтан өмірден өтті.

Zhanartu қорының ресми сайтында Нұрәлі Әлиев 1985 жылы 1 қаңтарда дүниеге келгені жазылған.

"Параграф" сайтының мәліметіне сүйенсек, қазір Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, "Еуропа плюс Қазақстан" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және Қазақстан Республикасы Альпинизм және құзға шығу федерациясының президенті.

Үйленген, төрт баласы бар.

Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев Астанаға келді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.