Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі сыныптасы зардап шекті": Алматы мектебінде бұрыш баллонын шашу дерегі бойынша тексеріс жүріп жатыр

Жарияланған күні:

Сынып
Парталар. Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінде оқушы қыз сыныбына бұрыш баллонын шашқаны туралы ақпарат тарады. Блогер Сандуғаш Дүйсенованың сөзіне сүйенсек, одан екі оқушы зардап шеккен. Оқиғаға қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Блогер Сандуғаш Дүйсенова өзінің Instagram-дағы парақшасында бұл оқиға 6 желтоқсанда Әуезов ауданында орналасқан № 1 мектеп-гимназиясында болғанын жазады.

"11 сынып оқушысы өзінің сыныптастарын жазаламақшы болған. Мұғалімнің жоқтығын пайдаланып, сыныпқа бұрыш баллонын шашқан. Оқушының әрекетінен алдыңғы партада отырған екі сыныптасы зардап шекті", - делінген жазбада.

Зардап шеккен қыздардың бірінің анасы блогерге бұған дейін қыздар арасында келіспеушілік болғанын, оқушы қыз бұрын да сыныптастарын бұрыш баллонымен қорқытқанын, буллинг болғанын жеткізген.

Блогердің мәліметіне сүйенсек, зардап шеккен бір қызға жедел жәрдем шықырылған, полиция да келген.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаментіне сауал жолданды. Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасындағылар тексеріс жүргізіп жатқанын мәлім етті.

"Объективті мән-жайы анықталып, Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049732-eki-synyptasy-zardap-sekti-almaty-mektebinde-burys-ballonyn-sasu-deregi-boiynsa-tekseris-zurip-zatyr/