Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үскірік аязға байланысты еліміздің бір өңірінде полиция күшейтілген режимге көшті

Опубликовано:

Боран
Боран. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 400-ден астам полицей күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

Ведомство мәліметінше, 7 желтоқсанда сағат 18.00 шамасында ауа температурасының -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағытында дизель жанармайымен жүретін көлік құралдары қозғалысына шектеу енгізіледі.

Облыстық полиция өкілдері Ақмола обылысының тұрғындарына мұндай ауа райы шамамен бір аптаға созылатынын ескертіп отыр.

"Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа райында жолға шығу қауіпті екенін ескертуді тапсырды", - деліген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049736-uskirik-ayazga-bailanysty-elimizdin-bir-onirinde-policiya-kuseitilgen-rezimge-kosti/

pixel