Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Нұр-бесік ықшамауданы тұрғындары 16 жыл бойы үйлерінде меншік құқығы құжатынсыз тұрып келген

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұр-бесік ықшамауданы
Нұр-бесік ықшамауданы. Фото: Астана әкімінің баспасөз қызметі

Астанада Нұр-бесік ықшамауданы тұрғындары 2007 жылдан бері тұрғын үй жеке меншік болып саналатынын растайтын құжатсыз тұрып келген. Тұрғын үйге меншік құқығы туралы құжатты алу мәселесі 16 жыл бойы шешілмей, тек биыл шешімін тапқан, деп хабарлайды елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 16 жыл өткен соң Астанадағы Нұр-бесік (ЖМ Көктал 1) ықшамауданында орналасқан 200-ден астам үй иесі тұрғын үйге меншік құқығы құжаттарын ала алады.

Әкімнің сөзіне сенсек, қала тұрғындары аталған ықшамауданда 2007 жылдан бері тұрып жатыр, бірақ 16 жыл бойы тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттары болмаған.

"Оларда өз үйлерінде тіркелу мүмкіндігі болмаған, салдарынан медициналық мекемелерге де тіркеле алмаған, балаларын балабақшаға, мектепке және т.б. мекемелерге бере алмаған. Олар достары мен туыстарында тіркелуге мәжбүр болды.

Халықпен кездесу кезінде Нұр-бесік ықшамауданы тұрғындары жер телімдерін заңдастыру мәселесін сан мәрте көтерген болатын. Бұл бағыт бойынша көптеген жұмыс атқарылып, барлық техникалық мәселе шешілді. Бүгінде тұрғындарға тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттарды беру рәсімі жүріп жатыр. Қазір олар ресми түрде елорда тұрғындары десе болады, 16 жылдан кейін өз жерінде тіркелу мүмкіндігіне ие болды", – деді Астана әкімі.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбектің сөзіне сенсек, бүгінде қала әкімдігі ықшамауданның инфрақұрылымын жөндеп, абаттандырумен айналысып жатыр.

Мысалы, бүгінгі сумен, кәрізбен, электрмен, газбен қамтамасыз ету бойынша инженерлік желілердің құрылысы аяқталып, көшелерге асфальт төселіп, кәріз желісі арқылы су ағызылатын арнайы ағыстар мен жарық бағаналары орнатылып, интернет желісі тартылған.

Әкім қаладағы тұрғын үйлерді дамыту жұмыстарын жалғастыруға уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049750-astanadagy-yqsamaudan-turgyndary-16-zyl-boiy-uilerinin-quzatynsyz-omir-surgen/