Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының әкімі Cтепногорсктегі жылу трассасында ақау жойылғанын мәлімдеді (видео)

Опубликовано:

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Фото: instagram.com/aqmola_region

Степногорск қаласындағы жылу трассасында болған ақау жойылды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов дәнекерлеу жұмыстары сағат 8.10-да аяқталғанын, жылу жүйесіне су беріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысының әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, "Степногорск теплотранзит" ЖШС мамандары судың атқылауын жою және азаматтардың үйіне жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Оқиға орнында облыс әкімі Марат Ахметжанов жүр.

Айта кетейік, 7 желтоқсанда кешкі уақытта Ақмола облысы Степногорск қаласында кварталішілік жылу трассасында апат болып, салдарынан көпқабатты бірнеше үй жылусыз қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049778-aqmola-oblysynyn-akimi-stepnogorsk-qalasyndagy-zylu-trassasyndagy-aqau-zoiylganyn-malimdedi/

pixel