Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласының әкімі екі шағын ауданның тұрғындарымен кездесті

Опубликовано:

Орал қаласының әкімі екі шағын ауданның тұрғындарымен кездесті
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов әр шағын ауданның тұрғындарымен кездесіп жүр. Шаһар басшысы алдымен Ескі әуежай мен Жұлдыз ықшам аудандарында болып, жұртшылықтың сауалдарына жауап берді.

Кездесу ашық микрофон форматында ұйымдастырылып, әр адам өзін толғандырған сұрақтарын қойды. Тұрғындар жалқының емес, жалпының мәселелерін көтерді. Олардың көбі инфрақұрылымды дамытуға қатысты болды.

Соның ішінде Ескі әуежай шағын ауданының тұрғындары көше жолдарын асфальттап беруді сұрады. Қазір бұл аумақта Шәмелов, Кең дала және Евразия көшелерінде жол салынып жатыр. Бұл жұмыстар келер жылы аяқталып, жолдар пайдалануға беріледі. Әкімнің айтуынша, енді Букетная, Правдухин, Черненко көшелерінің жолын жөндеу бағытында жобалық-сметалық құжаттар дайындалған. Бюджеттен қажетті қаражат бөлінсе, алдағы жылы құрылысты бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, дәл осы ықшам ауданда тағы 4 көшені жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

Орал қаласының әкімі екі шағын ауданның тұрғындарымен кездесті
Фото: Орал қаласының әкімдігі

Ал Жұлдыз шағын ауданының тұрғындары электр желілерінің тозуын тілге тиек етіп, келеңсіздікті тезірек шешіп беруді сұрады. Шаһар басшысы келер жылы қос ықшам аудандағы жарық желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Қазірдің өзінде бірқатар көшедегі электр сымдары мен трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар бұл аумақтарда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қоса атқарылып жатыр. Биыл 5 көшеге жарықшамдар орнатылған.

Кездесуде қала әкімі 2024 жылы Жұлдыз шағын ауданында жаңа мектеп салынатынын айтты. 1500 орындық білім ордасы "Жайлы мектеп" мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтереді.

Шаһар басшысы кездесуге қатысқан тұрғындардың өзге де сауалдарына жауап беріп, мәселелер әр жылы кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Миржан Сатқановтың халықпен кездесуі өзге шағын аудандарда жалғасын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049801-oral-qalasynyn-akimi-eki-sagyn-audannyn-turgyndarymen-kezdesti/

pixel