Қазақстанда 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомЕлімізде 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін. Сауда және интеграция министрлігі үкімет қаулысына тиісті өзгертулер енгізу туралы жобаны дайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қаулы жобасына сай "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" үкімет қаулысына өзгерістер енгізілмек. Жоба бір күн бұрын қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Жобада бірнеше облысты UTC+5 белдеуіне ауыстыру ұсынылған.
"Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын", - делінген құжатта.
Айта кетейік, жоба 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады. Қазақстандықтар "Ашық НҚА" порталында пікірін жаза алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049822-qazaqstanda-29-aqpannan-1-nauryzga-qaragan-tuni-biryngai-uaqyt-beldeui-engizilui-mumkin/