jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін

Сағат
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін. Сауда және интеграция министрлігі үкімет қаулысына тиісті өзгертулер енгізу туралы жобаны дайындады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаулы жобасына сай "Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" үкімет қаулысына өзгерістер енгізілмек. Жоба бір күн бұрын қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Жобада бірнеше облысты UTC+5 белдеуіне ауыстыру ұсынылған.

"Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын", - делінген құжатта.

Айта кетейік, жоба 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады. Қазақстандықтар "Ашық НҚА" порталында пікірін жаза алады.

Қазақстанда 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.