"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы белгілі болды
Жарияланған күні:
Бүгін үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторының есімін жариялады. Ол – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев деп, хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Allur компаниялар тобын басқаратын қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы атанды.
Министрдің айтуынша, акциялардың 100 пайызы мемлекеттік компанияға берілді, жақын арада Allur компаниялар тобы мен Андрей Лаврентьевке өтеді. Құжат рәсімдеудің соңғы кезеңі қалды.
Құжаттарға кеше, 7 желтоқсанда қол қойылған.
Қанат Шарлапаевтың сөзінше, мәміле бір аптаға созылған. Бұған дейін үкімет мәмілені 30 қарашаға дейін аяқтау керектігін тапсырған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келгенін хабарлаған едік.
Аталған келісімнің егжей-тегжейін баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.
2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049842-arselormittal-temirtaudyn-zana-investory-belgili-boldy/