Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртауға" бұрынғы атауы қайтарылуы мүмкін

Опубликовано:

АрселорМиттал
АрселорМиттал. Көрнекі фото: arcelormittal.kz

Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, Андрей Лаврентьев "АрселорМитталдың" жаңа инвесторы болды.

Осы орайда журналистер министрден инвестордың ауысуымен қатар компания атауы өзгеруі мүмкін бе деп сұрады.

"Бұрынғы тарихи "Қармет" атауын қайтаруды дұрыс деп санаймыз", - деді Қанат Шарлапаев.

Министр бұл тарихи тұрғыдан әділ болатынын және кәсіпорын жұмысшылары мен тұрғындар да қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келгенін хабарлаған едік.

Аталған келісімнің егжей-тегжейін баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049871-arselormittal-temirtauga-buryngy-atauy-qaitaryluy-mumkin/

pixel