Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бірреттік төлемді ұлғайту ұсынылды

Опубликовано:

Желтоқсан қатысушылары
Желтоқсан қатысушылары. Фото: Мұрағаттан

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға берілетін бірреттік төлемді 250 мың теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев кезектен тыс сессия барысында мәслихат депутаттарының сұрағына жауабында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы әкімдігінің Facebook-парақшасында жарияланған баспасөз релизіне сенсек, бастапқыда бұл жоспар келесі жылы қаралатын болған. Алайда, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаржыны үнемдеу есебінен және Тәуелсіздік күні қарсаңында биыл "желтоқсандықтарға" төлемдерді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралған.

Еске салайық, жыл сайын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар ҚР Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге төлем алып келген 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алатыны айтылады.

Қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады.

Желтоқсан көтерілісі

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17-18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық еді. Бұл - бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға.

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің бірінші хатшысы Геннадий Колбинді ҚКОК-нің бірінші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болған.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП ОК қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049899-zeltoqsan-oqigasyna-qatysusylarga-birrettik-tolemdi-ulgaitu-usynyldy/

pixel