Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" ресми түрде QARMET болып өзгерді

Опубликовано:

Андрей Лаврентьев
Андрей Лаврентьев. Фото: t.me/qarmet_news

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев QARMET жаңа инвесторын еңбек ұжымына таныстырды. Бұл туралы QARMET Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компания баспасөз қызметі өкілдерінің ақпараты бойынша, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бүгін QARMET жаңа инвесторын еңбек ұжымына таныстырған.

Сондай-ақ QARMET құрамындағы Qazaqstan Steel Group акционерінің ресми өкілі болып Талғат Темірханов тағайындалғаны белгілі болды.

"Параграф" ақпараттық-іздестіру жүйесі сайтындағы дерекке сүйенсек, Талғат Темірханов 1987 жылы 29 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2008-2013 жылдары – "АрселорМиталл Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Саран" шахтасының техникалық бөлімінің бас маманы болып бастаған әрі 2013 жылға дейін түрлі қызметте болған.

2013-2014 жылдары — "Самұрық-Қазына" АҚ "Бірлескен химиялық компания" ЖШС еншілес компаниясы — "ХИМ-плюс" ЖШС Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры қызметін атқарды;

2014-2015 жылдары – "ҚР Энергетика министрлігі" ММ Көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің бас сарапшысы;

2015-2019 жылдары — "Тау-кен өндірісі және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" ЗТБ Экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры;

2019-2020 жылдары – "Атамекен" ҚР ҰКП Базалық салалар және экология департаментінің директоры;

2020-2022 жылдары – "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, базалық салалар және экология, логистика мен тасымалдау әрі экономикалық интеграция департаменттерінің жұмысына жетекшілік еткен;

Ал 2022-2023 жылдары — "Қазақстан электр энергетикасы ассоциациясы" төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049916-arselormittal-temirtau-resmi-turde-qarmet-bolyp-ozgerdi/

pixel