ІІМ "Айка тізімі" тарап кетуіне байланысты тергеу жүргізіп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомІшкі істер министрлігі элиталық эскорт қызметін ұсынатын әйелдер мен олардың клиенттері туралы деректер жазылды делінген "Айка тізімі" қалай пайда болғанына қатысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ішкі істер министрлігі ақпараты бойынша, желіде пайда болған тізімнің ішіндегі адамдардың жеке деректерінің растығы мен олар қалай таралғанының мән-жайы анықталып жатыр екен.
"Қазір бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы "Жезөкшелік және жеңгетайлыққа арналған орындарды ұйымдастыру немесе ұстау", сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды және т.б. баламасын сату мақсатынсыз заңсыз пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды", – деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ олар жеке деректерді тарату үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу әрі ҚР жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру.
Еске салайық, бұған дейін құқық қорғау органдарының дереккөздері "Айка ісіне" қатысты желіде тараған тізімді жоққа шығарғаны хабарланған еді. Олардың айтуынша, аталған тізім бопсалау мақсатында біреудің тапсырысы бойынша таратылған деген болжам бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049926-iim-aika-tiziminin-taraluyna-bailanysty-tergeu-zurgizip-zatyr/