Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО экология департаментінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Экология департаментінің басшысы қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Антикордың Telegram-арнасында хабарланды.

"Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша облыстың Экология департаментінің басшысын әшкереледі", - делінген хабарда.

Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқаны айтылады.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049952-sqo-ekologiya-departamentinin-bassysy-zemqorlyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel