Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолға ақша сұрайды": Астанада 14 адам танысу сайтында алаяққа ұрынған

Опубликовано:

Ұсталған әйел
Ұсталған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана тұрғыны полицейлерге алаяққа ұрынғаны туралы арызбен жүгінген. Ер адам танысуға арналған сайт арқылы бойжеткенмен танысу мақсатында "жаңа танысына" 28 мың теңге жіберген. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство хабары бойынша, 37 жастағы жергілікті тұрғын бойжеткенмен желіде танысқанын айтқан. Ер адамға бойжеткеннің жарияланған суреттері қатты ұнап, ол шынайы өмірде танысуға бел буып, оны Астанаға шақырған. Ер адамның жаңа танысы кездесуге келіскенімен, одан жолға ақша сұраған.

Ол жаңа танысына 28 мың теңге аударғаннан кейін ер адамның виртуал танысы кездесуге келмей, байланысқа шығуды доғарған.

Байқоңыр ауданы полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Степногорск қаласының 49 жастағы тұрғынын анықтады, ол интернет-ресурс арқылы Астанада ер адамдарды алдады деген күдікке ілінді.

"Тергеу барысында Степногорск тұрғыны елораданың тағы 13 тұрғынын алдағаны анықталды", – делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті кінәсін мойындау туралы айғақтарын берген. Қазір күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған өзге де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049959-zolga-aqsa-suraidy-astanada-14-adam-tanysu-saitynda-alayaqqa-uryngan/

pixel