Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жолаушылар мінген автобус жол бойында өртенді

Опубликовано:

Өрт сөндіру сәті
Оқиға орны. Фото: instagram.com/abaioblysytjd

8 желтоқсанда Семейде жолаушылар мінген автобус жол бойында өртенді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облыстық ТЖД Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 8 желтоқсанда сағат 13:05-те өртке қарсы қызметке Семей қаласы, "Восточный левый" кенті - "6 саяжай" аялдамасында № 56 автобус жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Өрт орнына келген өрт сөндірушілер №56 маршрут бойынша кетіп бара жатқан "Antong" жолаушылар автобусының 3 шаршы алаңында мотор бөлімі, аспаптар панелі және жүргізуші орындығы жанғанын анықтады", - делінген хабарламада.

Өрт есебі келгенге дейін жолаушылар өздігінен эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілердің үйлестірілген әрекеттерінің арқасында өрт сағат 13-15-да оқшауланды, сағат 13 39-да жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049988-semeide-zolausylar-mingen-avtobus-zol-boiynda-ortendi/

pixel