jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда толассыз қар жауды: әкімдік қала тұрғындарына үндеу жасады

Алматы көшелерінің бірі
Алматы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Кешеден бастап Алматыда толассыз қар жауып жатыр. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеді. Бүгін көшелерді қардан тазартуға 1000-нан астам жұмысшы шықты, деп жазды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласындағы 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсан күні түске таман тоқтайды.

Қар тазалау жұмысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, қалада 4 см, Медеу мен Шымбұлақта 6 см қар түсті.

Қауіпті аумақтарда, төмен түсетін, жоғары шығатын және жолайырықтарға бұрылатын жерлерге көктайғақтың алдын алу үшін сұйық реагенттер қолданылды.

Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.

"Ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда абай болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерге де мұқият және сақ болуға кеңес беріледі", - деп ескертті әкімдіктегілер.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, 9 желтоқсанда таңнан бастап сағат 15:00-ге дейін биіктігі 8 мм қар жауады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін суытады, 9 желтоқсанда күндіз термометр бағаны минус 4 градусты көрсетеді.

Алматыда толассыз қар жауды: әкімдік қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.