Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дауыс беру, сыйлықтар, ұтыс ойыны": WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтарды алдау жиілеп кетті

Опубликовано:

Мужчина держит в руках телефон
Мобильный телефон. Иллюстративное фото : pixabay.com

ІІМ соңғы уақытта WhatsApp және Telegram мессенджерлерін пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы.

Ведомство мәліметінше, көбінесе алаяқтар азаматтардың аккаунтына сілтеме түрінде қауіпті бағдарлама хатын жібереді. Әдетте, сілтемеде балаларға дауыс беру, сыйлықтар, ұтыс ойыны немесе әртүрлі тақырыптарға сұрақ-жауап, сауалнама және тағы басқа түрінде болады. Сілтемені басқаннан кейін алаяқтар азаматтардың мессенджеріне қол жеткізе алады.

"Әрі қарай жәбірленушілердің шотынан қарызға ақша сұрайтын мәтін жіберіледі. Сонымен қатар мұндай хаттарды алушылар бұл нақты өтініш деп санайды. Ақша алу үшін алаяқтар үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланады. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды қырағы болуға және туыстарынан, достарынан және тағы басқа түскен болса да, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады", - деп ескертті құқық қорғау органдарының өкілдері.

Полция мұндай хаттарды алған кезде оларды ашпауға және жіберушімен байланысты бірден доғаруды ұсынды.

"Егер сілтемені ашқан болсаңыз, тіркелген немесе байланған бөгде құрылғылардың бар-жоғын тексеру қажет. Ол үшін WhatsAp және Telegram мессенджерлер қосымшасында БАПТАУЛАР, одан әрі – құрылғы байланыстыру (Telegram – да – ҚҰРЫЛҒЫЛАР), онда параллель қосылыстар көрсетіледі. Егер қойындыда бөгде құрылғы болса, сессиядан шығу керек. Жеке деректер мен байланыстарды қорғау үшін мұндай процедураны мүмкіндігінше жиі жүргізу ұсынылады", - деп жазылған басылымда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2049998-dauys-beru-syilyqtar-utys-oiyny-whatsapp-telegram-messendzerlerinde-azamattardy-aldau-derekteri-ziilep-ketti/