Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында шетелдіктер мінген автобус 3 сағат бойы жолда қалды: жолаушылар эвакуацияланды

Опубликовано:

Боран
Боран. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

9 желтоқсанда "Астана-Петропавл" автожолында 30-ға жуық жолаушы мінген автобус тоқтап қалған. 28 шетелдік жылыту пунктіне эвакуацияланды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД Telegram-дағы ресми арнасында.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының жылыту пунктіне Тәжікстан Республикасының 26 азаматы, Өзбекстан Республикасының 2 азаматы оның ішінде екі бала эвакуацияланды.

Эвакуация бүгін сағат 01:00-де, ТЖД күштерімен және Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен "Астана-Петропавл" автожолының бөлігінде орын алған.

Ақмола облыстық ТЖД өкілдері төтенше жағдайға тап болған жағдайда, бұл туралы 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажеттігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050004-aqmola-oblysynda-seteldikter-mingen-avtobus-3-sagat-boiy-zolda-qaldy-zolausylar-evakuaciyalandy/

pixel