jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Костенко шахтаcындағы қайғылы оқиға: үкіметтік комиссия кінәлілерді анықтады

Костенко атындағы шахта
Костенко атындағы шахта. Иллюстрациялық фото: Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

Костенко атындағы шахтадағы апатты тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз анықталды, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

9 желтоқсанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа ұласқан өрттің себептерін тексеру жөніндегі Үкімет комиссиясының қорытынды отырысы өтті.

ТЖМ мәліметінше, Қазақстанның, қиыр және таяу шетелдердің ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдарын тарта отырып, техникалық құжаттаманы, айғақтарды және басқа материалдарды зерделеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілді.

"Нәтижесінде, өрт және метан-ауа қоспасының одан әрі жарылуы қырғыш конвейер элементтерінің соққысы мен үйкелісінен пайда болған механикалық ұшқыннан газдың (метанның) тұтануының болғаны анықталды. Газдың өзі астыңғы төсемеден бөлінген", - делінген үкіметтік комиссия мәлімдемесінде.

Комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылушылықтарын да анықтады. Атап айтқанда, жұмыстың толыққанды ұйымдастырылмауы және қауіпті өндірістік факторларға қажетті өндірістік бақылаудың жоқтығы атап өтілді. Олардың қатарына тұрақты шахталарда шаң мен жарылысқа қарсы шараларды орындау да жатады.

"Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз анықталып, жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталды", - делінген хабарламада.

Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді.

Костенко шахтаcындағы қайғылы оқиға: үкіметтік комиссия кінәлілерді анықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.