Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімі: Өңірде электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 98 пайызға жетті

Опубликовано:

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысқан жиын
Фото: БҚО әкімдігі

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының коррупцияға қарсы конвенциясының 20 жылдығына орай Оралда құқық қорғау органдарының басшылары мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері ресми бас қосты.

"Атамекен" өнер ордасындағы жиында жемқорлықты жою бағытында түрлі ұсыныстар айтылып, жан-жақты талқыланды. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және Біріккен Ұлттар Ұйымының коррупцияға қарсы конвенциясының 20 жылдығына орай Оралда құқық қорғау органдарының басшылары мен үкіметтік емес ұйым жетекшілері ресми бас қосты.

Биыл Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 74 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігі пара беру мен алу. Дәл осы кезеңде бармақ басты, көз қысты әрекеті үшін 8 адам бас бостандығынан айырылған. Тағы 23 адам 130 миллионнан астам теңге көлемінде айыппұл арқалады. Дегенмен жең ұшымен жалғасқан жемқорлық тыйылатын емес. Жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев мұндай қоғамдық дерттің алдын алу маңызын және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар легін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі жанындағы арнайы комиссия отырыстарында тиісті шаралар қабылданды. Мысалы, облыс орталығында көліктер жылдамдығын өлшейтін 55 стационарлық автоматты жүйесі орнатылды. Нәтижесінде полицейлер мен жүргізушілердің тікелей байланысы жойылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік туды. Мемлекеттік қызмет түрлерін сандық жүйеге көшіру мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның арқасында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесі 98 пайызға дейін жетті", - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысқан жиын
Фото: БҚО әкімдігі

Құзырлы департамент басшысы сыбайлас жемқорлық деректері қай салаларда жиі кездесетінін айтты.

"Департамент 8 миллион теңгеден астам сомаға негізсіз төленген салық төлемдері мен мемлекеттік баждарды қайтару жөнінде шаралар қабылдау арқылы мыңнан астам мүгедектердің құқығын қорғады. Мекемеміз "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігімен жүргізген ортақ жұмысы нәтижесінде Бәйтерек пен Шыңғырлау аудандарында мектептерді жөндеу үрдісінен заңбұзушылықтар анықталды. Ескертуден соң аталған олқылықтар жойылып, күрделі жөндеу жобалары аяқталды", - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Әділхан Сабуров.

Келелі кеңесте заңгерлер қолданыстағы заңнамалардың бірқатар кемшілігін жою қажет екенін айтты. Қазіргі таңда ірі көлемде пара алып, ауыр қылмыс жасаған адамнан гөріәкімшілік коррупция жасағанның жазасы қатаң. Бұған қоса мұндай қылмыс жөнінде дер кезінде арыз бермеген лауазымды тұлғалар небәрі 100 мың теңге айыппұлмен құтылуы да орынсыз, дейді мамандар. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Ахметжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға жұртшылық болып жұмылуға шақырды. Өйткені мұндай қылмыстық деректер елдің дамуына тікелей кері әсерін тигізеді деген пікірде.

"Атамекен" өнер ордасында өткен жиын
Фото: БҚО әкімдігі

"Сыбайлас жемқорлықты жою, онымен күрес уәкілетті органдарға заңмен тапсырылған. Ал олар ашық қоғамды шақыра отырып, бірлесе жұмыс жасаса, осы жұмыстың тиімділігінарттыруға болар еді. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу үрдістеріне қоғамдық мониторинг үнемі жасалып тұруы керек", - дейді Бауыржан Ахметжан.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары кезінде көзге түскен қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне Алғыс хат тапсырылды.

Мағыналы сурет
Фото: БҚО әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050028-bqo-akimi-onirde-elektrondy-turde-korsetiletin-memlekettik-qyzmetterdin-ulesi-98-paiyzga-zetti/

pixel