Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенді дуэтпен ән шырқауға шақырды (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен кездесіп тұр
Димаш Құдайберген Пласидо Домингомен кездесіп тұр. Фото: nstagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген әйгілі Пласидо Домингомен кездескен сәтінен видео жариялады. Видеода Доминго отандасымыздың шығармашылығымен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл кездесу еуропалық "Виртуоздар" байқауында болған, байқауда Димаш Құдайберген мен Пласидо Доминго қазылық етеді. Отандық әнші видео жүктеп, әйгілі опера әншісі туралы Instagram желісінде жазды.

"1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызық "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым.

Бұл жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктердің бірі. Барлық қатысушыларға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін. @Placido_domingo шақырғаныңыз үшін алғысым шексіз!" - деп жазды әнші.

Жарияланған видеода Доминго отандасымыздың шығармашылығымен қалай танысқанын айтқан.

"Ол барабаншы (өз ұлын айтады - авт. ескертпесі). Сізді YouTube-тен көріп қалыпты. Қалайша бұлай айтуға болады деп таңғалған. Сіз алты октавамен айтатыныңызды жеткізді. Ең таңғаларлығы, бәрі біркелкі шығады", - дейді Доминго.

Опералық әнші осыдан кейін дуэт болып ән шырқауға шақырған.

"20 жасымда нағыз дауысыммен айта алар едім. Енді тенор дауысқа тесситурам жетпейді. Сізге бұл жас келе проблема бола қоймайды деп ойлаймын. Тамаша дуэт жазамыз. Ыңғайлы болса, ертең репетиция өткізейік", - дейді видеода Доминго.

Айта кетейік, Пласидо Доминго испан опера әншісі, 82 жаста. Ол сахнадан түспей өнер көрсетіп келе жатқанына жарты ғасырдан аса уақыт өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050065-aigili-plasido-domingo-dimas-qudaibergendi-duetpen-an-syrqauga-saqyrdy-video/