Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Автомат ұстап, дрифт жасаған": Алматыда жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды

Опубликовано:

Автоматқа ұқсас зат ұстаған ер адам
Автоматқа ұқсас зат ұстаған ер адам. Фото: kris_p_almata

Әлеуметтік желілерде Алматыда кешке түсірілген видео жарияланды. Онда ер адам дрифт жасаған көлікте автоматқа ұқсас қару ұстап отырған көрінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео желідегі пабликтердің бірінде жарияланды. Онда көлік автотұрақта дрифт жасағаны, ал ер адамның қолында автоматқа ұқсас зат бары көрінеді.

Алматы полиция департаментінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне ведомство видеоға қатысты бірден әрекет еткенін хабарлады. Видеодағы тұрғындарға қатысты шара қабылданған.

"Супермаркеттердің бірінің тұрағында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған BMW маркалы автокөлік жүргізушісіне қатысты шаралар қабылданды. ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі (міндетті сақтандыру шартынсыз көлік құралын басқару - 10 АЕК айыппұл), ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (маневр жасау қағидаларын бұзу - 5 АЕК айыппұл), ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апат жағдайын жасау - 10 АЕК айыппұл), ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу - 5 АЕК айыппұл).

Сонымен қатар, видеода көрсетілген көлік құралының жолаушысы терезеден автоматқа ұқсас затты қалай көрсеткені бейнеленген. Бұл ойын автоматы екені анықталды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бейнежазба қатысушыларымен заңбұзушылықтардың алдын алу туралы құқықтық түсіндірме әңгімесі жүргізіліпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050081-avtomat-ustap-drift-zasagan-almatyda-zol-erezesin-oreskel-buzgandar-ustaldy/

pixel