Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бір ауданында ақылы тұрақтар 11 желтоқсаннан бастап іске қосылады

Опубликовано:

Алматыдағы ақылы автотұрақ белгісі
Алматыдағы ақылы автотұрақ белгісі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биылғы 11 желтоқсанынан бастап Алматы қаласының Алмалы ауданында ақылы тротуар тұрағы минутына төленеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл ауданда 27 аймақ, 6504 тұрақ орны жұмыс істей бастайды, оның ішінде 454 мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған.

Ақылы тротуар тұрағының жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін. Бір сағаттың құны 100 теңге. Уақытты есептеу көлік құралының тұрақ аймағында тоқтаған сәтінен басталады. Тұрақ ақысын алғашқы 15 минут ішінде төлеу қажет екен.

Тұрақ орны үшін алдын ала төлеуді мынадай тәсілдермен жүргізу қажет:

  • "парковки Алматы" мобильдік қосымшасы арқылы. Бұл қосымшаны Play Market немесе Apple Store телефондарына жүктеуге болады;
  • almaty-parking.kz сайтында;
  • Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы ақпараттық тақталардағы QR-код бойынша;
  • kassa 24 терминалы;
  • Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттерінің 1309 нөмірі бойынша SMS хабарлама жіберіп, тақтада көрсетілген тұрақ нөмірін * авто нөмірі * сағат санын көрсету арқылы ұялы шоттың теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге мүмкіндігі бар.

"Хабарлама мысалы: 6021 * 123АА02 * 1 Біз екінші деңгейлі банктер (Halyk bank, Centercredit, RBK, Jusan және Forte bank) арқылы QR-төлемді ықпалдастыру арқылы төлем тәсілдерін арттыру мүмкіндіктерін белсенді түрде әзірлеудеміз", - делінген әкімдік хабарында.

Тротуар үлгісіндегі тұрақтар басқа аудандарда кезең-кезеңімен іске қосылатыны да хабарланып отыр.

Ережебұзушылықтар автоматты режимде, мобильді кешендермен (арнайы авто) тіркеледі. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл - 3 АЕК (ҚР 597-бабы, 4-1-бөлігі). Бір жыл ішінде қайталап бұзушылықтар болса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қалада алаңдық типтегі тұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді екен. Резиденттік келісімдер мен абонементтерді ұйымдастыру мәселесі әзірленіп жатыр.

"Алматы қаласының ақылы тұрақ аймағының шекарасында көлік құралдарын тегін қою құқығына азаматтардың жеңілдікті санаттары ие. Өтініштер ONLINE арқылы "eOtinish" сервисі арқылы, Almaty-parking.kz сайтындағы сілтеме бойынша қабылданады немесе көрсетілген құжаттар пакетін мына мекенжай бойынша ұсынсын: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байсейітова көшесі, 40, н.л.71, 5 кабинет", - делінген баспасөз релизінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050088-almatynyn-bir-audanynda-aqyly-turaqtar-11-zeltoqsannan-bastap-iske-qosylady/

pixel