Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұз ЖЭО-дағы апат: өңір әкімі пәтерлер қашан жылы болатынын айтты

Жарияланған күні:

Батарея
Батарея. Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов Екібастұз ЖЭО-да су жылыту қазандықтарының жұмысын қатты отынға ауыстыру жұмысы басталғанын айтып берді. Бұл туралы ол Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Асайын Байқановтың айтуынша, Екібастұз ЖЭО-да су жылыту қазандықтарының жұмысын қатты отынға ауыстыру бүгін түнде, сағат 04:30-да басталған.

"Кеше түнде күлді шаю құбыры зақымданғаннан кейін станцияда қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілді. 10 желтоқсан күні кешкі сағат 19.30-да бұрын су басқан барлық учаске құрғатылды. Бұдан соң, мамандар екі электр қозғалтқышын ауыстыруға кірісіп, сорғы күл құбырының жұмысын қалпына келтірді", - дейді өңір әкімі.

Оның сөзінше, сағат 06:00-де бұрын мазутпен жұмыс істеген үш су жылыту қазандығы отынның негізгі түріне - көмірге толығымен ауыстырылған.

Әкім қазіргі уақытта станция белгіленген параметрлерге шыққанын, 6 қазандық агрегаты жұмыс істеп жатқанын және 3 қазандық резервте, 1-уі жоспарлы жөндеуде екенін айтты.

"Жылыту параметрлері: қысым - 9/1,5 кгс/см2; ЖЭО-нан шыққан температура-79°С. Келесі үш-төрт сағат ішінде екібастұздық пәтерлерде жылырақ болады, таңертеңгі 10:00-да температуралық параметрді 90°С-қа жеткізу көзделген", - дейді әкім.

Еске салайық, өткен түнде Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдалғаны анықталған еді. Оның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінің багерлік сорғысы су астында қалған еді. Кейін Энергетика министрлігі осы жағдайға және елдегі өзге өңірлердің коммуналдық жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050154-ekibastuz-zeo-dagy-apat-onir-akimi-paterler-qasan-zyly-bolatynyn-aitty/