jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Бірнеше өңірде жұрт жылусыз қалды: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Энергетика министрлігі Екібастұз, Балқаш және Ақтау қалаларындағы жылумен жабдықтау жүйесінде шыққан ахауға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"9 желтоқсанда Балқашта Абай мен Әбдіғалиев көшелерінің қиылысында жылу желісінің құбырына зақым келді, ол түнгі уақытта 6 сағат ішінде жойылды.

Қазіргі уақытта Екібастұзда 8 қазандық жұмыс істеп тұр, жылумен жабдықтау тоқтаған жоқ. Ақтауда 11а шағын ауданында жылу желісі зақымдалды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.

Айта кету керек, осы қалаларда болған оқиғалар технологиялық ережебұзушылық ретінде сипатталады", - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Министрлік өкілдері тұтынушыларды жылумен жабдықтауды тоқтатуға жол берілмегенін атап өтті.

"Биыл еліміздің барлық энергия көзінде тұрақты жылумен қамту үшін бұрын-соңды болмаған көлемде жұмыс атқарылды. Осының арқасында жылумен жабдықтауда ірі апаттардың алдын алуға мүмкіндік туды, әйтпесе жаппай шектеулер болуы мүмкін еді. ҚР Энергетика министрлігі жағдайды бақылайды, энергия нысандарының жұмысы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, өткен түнде Балқаш пен Ақтауда апат салдарынан халықтың бір бөлігі жылусыз қалған еді. Атырауда сумен жабдықтау проблемалары байқалған.

Сонымен қатар өткен түнде Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымданғаны анықталды. Оның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінің багерлік сорғысы су астында қалған еді.

Бірнеше өңірде жұрт жылусыз қалды: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.