Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жапон қызына үйленді": Кәсіпкер Сырымбек Тау әйелі туралы айтты

Опубликовано:

Сырымбек Тау
Сырымбек Тау. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

Отандық танымал кәсіпкер Сырымбек Тау алғаш рет әйелі туралы бар шындықты айтты. Сөзінше, бастапқыда көпшілік оны жапон қызына үйленген деп ойлап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сырымбек Тау келіншегі жайлы "Динамен дұрыс" бағдарламасында ақтарыла айтып берді. 2006 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты бүгінде бес баланы тәрбиелеп отыр.

Алғашқыда кәсіпкердің жақындары оны жапон қызына үйленіп жатыр деп ойлап қалған.

"Жарымның есімі – Толқын. КІМЕР университетін бітірген. Әлеуметтік желідегі парақшасын ағылшынша жүргізеді. Мен шаңырақ құратын кезде жақындарымның дені қазақ қыз алғаныма сенбеген. “Жапон қызын алып жатыр” деп өсектегені бар. Біз 2001 жылдан бері таныспыз. 2006 жылы үйлендік. Құдайға шүкір, 5 баламыз бар. Толқын Instagram-да маған тіркелмеген. Ол саяхаттан келгеннен кейін бәрін әлеуметтік желіден көріп қойсам, не қызық дейді. Бұл туралы туған әпкем де айтты. Күнде кезігетін адам сияқты. 2015-2016 жылдары Instagram дамып жатқанда ол маған "осыны жүргізбей-ақ қойшы" деген. Кейін бір жылдай аз жүргіздім. Кейін тағы қолға алдым", – дейді кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050239-zapon-qyzyna-uilendi-kasipker-syrymbek-tau-aieli-turaly-aitty/

pixel