jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қостанайда апат салдарынан қаза тапты делінген ер адам тірі болып шықты

Қостанайда төтенше жағдай
Оқиға орны. Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанайда апат орнында бұған дейін ер адамның денесі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды.

"Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпарат түсуіне қарай толықтырылатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бүгін Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, жеті адам үйінді астында қалғанын хабарлаған едік.

Кейін Қостанай облыстық ТЖД екі адамның құтқарылғанын, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді.

Қостанайда апат салдарынан қаза тапты делінген ер адам тірі болып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.