jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Қазақстанның барлық өңірінде қоғамдық көліктерде жолақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілді

    Автобусқа мінейін деп жатқан ер адам
    Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанның республикалық маңызы бар қала мен облыс орталықтарындағы тұрғындар қоғамдық көліктерде жолақысын электронды жүйе арқылы төлей алады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің ресми сайтында.

    Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда жолақысын төлеудің электрондық жүйесі барлық республикалық маңызы бар қала мен облыс орталығында жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көліктерде енгізілді. Аталған жүйелердің жұмысын жалпы саны 14 оператор қамтамасыз етеді.

    "Соңғы 3 жылда республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 34 пайыздан 79 пайызға дейін ұлғайды.

    Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жолаушылар тасымалына арналған қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін жақсартуға, жолаушылар ағыны туралы нақты статистикалық деректерді қалыптастыруға, сондай-ақ тасымалдаушылардың жосықсыз әрекеттерін азайту есебінен көлеңкелі экономикадан ақшалай қаражатты шығаруға ықпал етеді", - деді министрлік өкілдері.

    Министрлік мәліметінше, электрондық билеттеу жүйесін енгізу арқылы NFC технологиясын қолдайтын банк карталары, банктердің мобильді қосымшалары, SMS-код жіберу, QR-кодты сканерлеу, сондай-ақ көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу мүмкіндігі пайда болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.