Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Полицей
Полицей көше бойында. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматылық полицейлер ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы ЖПҚБ жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің мәліметінше, 11 желтоқсан сағат 20:00-ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы қаласында 33 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 4 жол-көлік оқиғасы кезінде адамдар жарақат алған. Қаза тапқандар жоқ.

"Бұл үндеу негізінен көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз. Ескерту қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Сондай-ақ ол жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көліктің дөңгелегін қысқы дөңгелекке ауыстыру қажеттігін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050359-almaty-policiyasy-zurgizusilerge-undeu-zasady/

pixel