Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 кг сәбіз 325 теңгеден": екі облыста әлеуметтік мекемелерге көкөніс екі-үш есе қымбатқа жеткізілген

Опубликовано:

азық-түлік
Азық-түлік базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік мекемелер мен балабақшаларға көкөністі жоғары бағамен жеткізілгенін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА мәліметінше, балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген, ал әкелінген өнімдердің қымбаттығы ата-аналардың мойнына түскен.

Мәселен, ШҚО-да "Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы" КММ-ға 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген.

ҚМА өңірлік департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталып, ал көкөністердің бағасы 2 еседен астам бағаға (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін) төмендетілген.

Сондай-ақ СҚО-да жеке кәсіпкер 50 млн теңгеден астам сомаға аудандық балабақшаларға көкөніс сату бизнесін ұйымдастырған. Картоптың бір келісі 250 теңгеден жеткізілген, алайда оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43 пайызға арзан болған (141 теңгеден).

"Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган әлеуметтік азық-түлікті жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауы керек екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050402-eki-oblysta-aleumettik-mekemelerge-kokonis-eki-us-ese-qymbat-bagaga-zetkizilgen/

pixel