Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қалалық ТЖД басқармасының бастығына сот үкімі шықты

Опубликовано:

Ақша мен қол кісен
Ақша мен қол кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Антикор Telegram-дағы ресми арнасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 8 желтоқсанда Қостанай қаласының №2 сотында Алматы қаласы ТЖД басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К.Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.

"Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050403-almaty-qalasy-tzd-basqarmasynyn-bastygyna-sot-ukimi-syqty/

pixel