Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыштар мекенінде тұңғыш рет JIGERLEN аймақтық мотивациялық жастар форумы өтті

Опубликовано:

Жастар форумы "JIGERLEN"
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бөкей елінде Сайқын ауылындағы мәдениет үйінде JIGERLEN аймақтық мотивациялық жастар форумы өтті. Форум Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен бастау алды.

Форумға аудан әкімі Н.Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары К.Нұршинов, облыстық қоғамдық даму басқармасының жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы, М.Бисекенов, облыстық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы А.Ибраев, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Теректі аудандық "Теректі жаңалығы" газетінің бас редакторы, "Тау баласы" және "Біз Дендерденбіз" жыр жинақтарының авторы Ә.Орынбасаров, Бөкей ордасы ауданының тумасы, Президенттік грант иегері, “Үздік Жас фермер - 2021” атауының иегері. Батыс Қазақстан облысы бойынша “Qazaq Aqbas” палатасының амбассадоры, "Рашидов" шаруа қожалығының жетекшісі, “Жас Қыран” фондының құрылтайшысы, "Берекелі Мекен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылтайшысы және директоры А.Рашидов, "Taza Stand Up" жобасының жеңімпазы, жайдарманшы, актер Е.Халиуллин, Karantino production негізін қалаушы, жайдарманшы, актер, стандапер С.Қуанғалиев, "Ахметов" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ж.Ерболат, облысымыздың, ауданымыздың белді мобилографы А.Амангелді, көрші Жәнібек ауданының белсенді жастары және ауданымыздың жастары қатысты.

Жастар форумы "JIGERLEN"
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шараның басында аудан әкімі Н.Даумов құттықтау сөз сөйлеп, форумға қатысушы қонақтармен сәлемдесіп:

"Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында", - деп барлық форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жастар форумы "JIGERLEN"
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Форум барысында республикамызға Ақ­жайық өңірінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағынан дамытып, танытып жүрген, жетістікке жеткен тұлғалар, өздерінің жетістіктегі кездескен қиындықтарын жастарға қалай оңай алуға болады және өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісті.

Форум соңында мемлекеттік жастар саясатының дамуына және өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің және аудан әкімінің алғысхаттарымен бір топ азамат марапатталды.

Мәншүк Мәметова Мемориалы
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Форум секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Секциялық отырыстар STAND UP және Jaidarman, Кәсіпкерлік, Әлеуметтік желі мүмкіндіктері мобилография, SMM тақырыптарында өтті.

Отырыста жастар А.Рашидов, Е.Жалғас, Е.Халиуллин, С.Қуанғалиев, Ә.Орынбасаров, А.Амангелдімен еркін форматта тілдесе алды. Жастар спикерлерден үлгі алатынын айтты.

Секцияның әр бағыты бойынша көптеген қызық бастамалар айтылды, олар қорытындыланып, жастардың алдағы өміріне пайдаланылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050422-tungystar-mekeninde-tungys-ret-jigerlen-aimaqtyq-motivaciyalyq-zastar-forumy-otti/

pixel