jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Песков: Кремль қазір Навальный қайда екенін білмейді

Дмитрий Песков
Дмитрий Песков. Фото: Sergei Babylov / Getty Images

РФ президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгін Кремльде сотталған Алексей Навальныйдың қайда екеніне қатысты ақпарат жоғын айтты, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Кремльде Дмитрий Песковқа сотталған Алексей Навальный қайда деген сауал қойды. Песковтың айтуынша, қазіргі таңда Кремльде жазасын өтеп жатқан оппозиционер Алексей Навальныйдың жүріс-тұрысын бақылау мүмкіндігі жоқ.

"Бізде сотталғандардың тағдыры мен олардың тиісті мекемелерде болуын бақылауға ниетіміз де, мүмкіндігіміз де жоқ", – деді ол.

Сондай-ақ Кремль өкілі Вашингтонның Навальный тағдырына алаңдаушылық білдірген мәлімдемесіне қатысты ойын айтты.

"Бұл жерде біз заң бойынша кінәлі деп танылған және жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірі туралы айтып отырмыз. Біз кез келген адамның, соның ішінде АҚШ-тың араласуын теріс әрекет деп санаймыз", – деді ол.

Песков: Кремль қазір Навальный қайда екенін білмейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.