Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арасында балалар да бар": Маңғыстау облысында көлік батып қалып, 7 адам құтқарылды

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Маңғыстау облысындағы Құрық-Ақтау тас жолында көлік батып қалып, 7 адам құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 11 желтоқсанда 112 пультіне Қарақия ауданының Құрық-Ақтау тас жолынан шамамен 23-25 шақырым жерде автокөлік батып қалғаны туралы хабарлама түсті.

"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖ департаментінің қызметкерлері 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды", - делінген хабарламада.

Авариялық құтқару жұмыстарына №7 өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050503-balalar-da-bar-mangystau-oblysynda-kolik-batyp-qalyp-7-adam-qutqaryldy/

pixel