Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖМ үскірік аязға байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Опубликовано:

Өртенген көлікті сөндіру
Өрт-сөндіру жұмыстары. Фото: ТЖМ

ТЖМ үскірік аязға байланысты автокөлікте өрт шығу қаупі артатынын, жүргізушілер көліктерін жылытқан кезде әрдайым қауіпсіз құралдарды пайдалана бермейтінін мәлімдеді. Мамандар автокөліктердің электр жабдықтарының жағдайына ерекше назар аудару керектігін ескертті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, қосымша жабдықты тек білікті мамандарға орнатқызған жөн.

"Жыл басынан бері елімізде көлік құралдарында 2 014 өрт тіркелді. Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу; газ жабдығын орнату; отын және электр жүйесінің ақауы; қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту болып табылады", - делінген хабарламада.

ТЖМ көлікте өрттің алдын алу үшін азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:

  • суық мезгілде қозғалтқышты жылыту үшін ашық от көздерін пайдаланбаңыздар және машинада электр жабдықтарын өз бетінше жөндемеу;
  • көліктің сымдары мен жанармай жүйелерін мүмкіндігінше жиі тексеру;
  • автокөлікті өз бетінше жөндемеу және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін сақтау;
  • егер сіздер жолда бықсыған иісті сезсеңіз, дереу тоқтап, оттықты, мүмкін болса, аккумуляторды да өшіру;
  • өртті бастапқы кезеңде сөндіргішпен сөндіруге тырысу;
  • өрт кезінде "101" немесе "112"-ге хабарлау, оқиға орнының нақты мекенжайын көрсету және өрт сөндірушілердің келуін күту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050507-tzm-uskirik-ayazga-bailanysty-zurgizusilerge-undeu-zasady/

pixel