Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өміріне қауіп бар": Қостанайдағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Опубликовано:

Дәрігер жұмыс кезінде
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

11 желтоқсанда Қостанай қаласында газ-ауа қоспасы жарылып, 3 адам қаза тапқан болатын. Қалалық аурухана өкілдері түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгендердің хал-жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Арна тілшілерінің хабарлауынша, Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясында болған жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан екі және одан да көп адам өлімі болған іс төтенше жағдайлар департаментіне жіберілді. Қазір сараптама тағайындалды.

Кеше қалада газ-ауа қоспасы жарылып, 3 адам қаза тапқан болатын. 12 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Қалалық аурухана өкілдерінің айтуынша, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің аяқ-қолдары сынып, денесін күйік шалған.

"Кеше жарылыстан біздің ауруханаға 4 адам жеткізілді. Үшеуінің жағдайы тұрақты. Қазір жақсарып келеді. Ал төртіншісі бүгін есін жиды. Бірақ өміріне әлі де қауіп бар", - деді қалалық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Владимир Шатерников.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050511-omirine-qauip-bar-qostanaidagy-apattan-zardap-sekkenderdin-zagdai-qalai/

pixel