Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандастар мен Қазақстандағы шетелдіктердің баласы Ұлттық қордан қаржы ала ма

Опубликовано:

Ақша санап отырған қыз бала
Ақша санап отырған қыз бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қандастар мен шетелдіктердің балалары Қазақстан азаматы болса, "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында қаражат ала алады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілі Айбол Арғынғазин мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаржы түседі.

Телеарна мәліметінше, елімізде кәмелет жасқа толмаған 7 миллионға жуық бала бар. Олар ол ақшаны білім алуға немесе ипотекалық қарызын өтеуге, бастапқы жарна арқылы баспана алуға жұмсай алады. Қаржы кәмелетке толған баланың шотында 10 жылға дейін тұрады. Ақшаны қолданбаған жағдайда зейнетақы шотына аударылады. Егер бала кенеттен қайтыс болса, шоттағы қаржысы ата-анасына немесе бауырларына беріледі.

Қаржы министрлігінің өкілі Айбол Арғынғазиннің айтуынша, тарихи отанына оралған немесе Қазақстан азаматтығын алған балалар да "Ұлттық қор - балаларға" жобасы аясында ақша алады.

"18 жасқа толмаған баланың барлығына бірдей сома аударылатын болады. Кәмелет жасқа 2024 жылдың ішінде толатын балалар сол қаражат түскен кезден бастап өтінімдерін беріп, өздерінің мақсатты нысаналы пайдаланатынын растайтын құжаттарын көрсете отырып, ары қарай қаражатты пайдалана алады", - деді ҚМ бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050535-qandastar-men-qazaqstandagy-seteldikterdin-balasy-ulttyq-qordan-qarzy-ala-ma/

pixel