Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында түн ортасында магистральды газ құбыры жарылып, мыңға жуық үй жылусыз қалды

Опубликовано:

Оқиға орны
Жамбыл облысында құбыр жарылды. Фото: 24.kz

Жамбыл облысында түн ортасында магистральды газ құбыры жарылып, 5 елді мекендегі 980 үй жылусыз қалды. Олар - Жамбыл ауданындағы Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдарының тұрғындары, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Телеарна мәліметінше, елдімекендердегі 8 әлеуметтік нысан да жылудан ажырап қалған. Апат Гродеково ауылында 22:10 шамасында болған. Жауаптылардың айтуынша, алдын ала болжам бойынша құбыр қысым әсерінен жарылған болуы мүмкін.

Қазір сала мамандары 20 метрден асатын құбырдың бөлігін жалғап жатыр. Апатқа байланысты аймақта арнайы штаб құрылған.

"Апатты қалпына келтіру жұмыстары шамамен 4-5 сағат жүргізіледі деген ойдамыз. 10 жерден дәнекерлеу, жалғау жұмыстарын жүргізу керек. Әлеуметтік нысандардан - 4 мектеп, 2 балабақша, 2 медициналық ғимарат жылусыз тұр.

Оған байланысты жанар-жағармаймен жұмыс істейтін арнайы құрылғы насостармен олардың жылу жүйесін айналдырып, қатып қалмау үшін әрекет жасауда", - деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050541-zambyl-oblysynda-tun-ortasynda-magistraldy-gaz-qubyry-zarylyp-mynga-zuyq-ui-zylusyz-qaldy/

pixel