Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында құбыр жарылды: өңірдегі ахуал қандай

Опубликовано:

Оқиға орны
Жамбыл облысында құбыр жарылды. Фото: 24.kz

Жамбыл облысында түн ортасында магистральды газ құбыры жарылып, мыңға жуық үй жылусыз қалған болатын. Әкімдік өкілдері оқиғаға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда Жамбыл ауданы, Гродеково ауылындағы жерүсті орта қысымды газ құбырында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Оқиға орнында 2 жедел дәнекерлеу бригадасы және 4 арнайы техника, барлығы жалпы 16 жұмысшы жұмыс істеп жатыр

"Сағат 07:00-ге дейін 8 ақаудың 4-еуі қалпына келтірілді. (оның бірі газ құбырындағы)

Барлық 8 әлеуметтік нысан (4 мектеп, 2 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт) баламалы жылу көзіне қосылды. Ғимараттарда 500 литр қысқы дизель отыны бар", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің жауапты қызметкерлері 5 елдімекендегі 26 көше (Гродеково, Қызылдихан, Жасөркен, Қызылқайнар, Полатқошы) тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050549-zambyl-oblysynda-qubyr-zaryldy-onirdegi-axual-qandai/

pixel