"9-20-25" бағдарламасы бойынша кім баспана ала алады: "Отбасы банк" басшысы жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банктің" басшысы Ләззат Ибрагимова 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланған "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасының талаптарын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Отбасы банк" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова "9-20-25" ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жұмыс істейтін жастарға баса назар аударылатынын айтты.
"Бұл бағдарлама 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Ал біз ғылыми қызметкерлер санаты бойынша пилоттық жобаның нақты бағдарламасын қолға алдық. Оларда соңғы бес жылда ғылыми жетістіктер және атында соңғы бес жылда баспана болмауы керек. Айтпақшы "9-20-25" бағдарламасына қатысуға өтініш білдіретін адамда баспана болмауы керек, (соңғы 5 жылда) осындай талап болады", – деді Ибрагимова.
Ол "9-20-25" бағдарламасы бойынша азаматтарға тек дайын баспана ғана емес, "Қазақстан Тұрғын үй компаниясының" кепілдігімен салынған баспана да беріледі деген ұсынысты қолдайтынын айтты.
"Қауымдастықпен талқылаған тағы бір ұсыныс болды. Біз құрылыс компанияларымен жиі кездескеннен кейін кей мәселелерді де байқаймыз. Мысалы, "7-20-25" бағдарламасында қатысушылар санына ешқандай шектеу болған жоқ. 2019 жылы пәтер алып, кейін жылжымайтын мүлік бағасының өсуін пайдаланып, оны сатып жіберіп, 2021 жылы қайтадан қатысқандар болды.
Бұл бағдарламада бұған тыйым салынады. Азамат тек бір рет қатыса алады. Сонымен қатар "9-20-25" бағдарламасына өтініш берген кезде соңғы 5 жылда атында баспана болмауы керек. Мұны біз мемлекеттік деректер базасы арқылы тексеретін боламыз", - деп қорытындылады сөзін банк басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050605-9-20-25-bagdarlamasy-boiynsa-kim-baspana-ala-alady-otbasy-bank-bassysy-zauap-berdi/