Елімізде аяздың беті қашан қайтады: синоптиктер болжам жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер алдағы үш күнде, яғни 14-16 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар аяздың беті қайта бастайды.
Болжам бойынша Қазақстанның шығысына арктикалық антициклон әсер етіп, осыған байланысты мұнда төмен температура және аяз сақталады.
15-16 желтоқсанда республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде.
Синоптиктер еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, аздаған боран соғады деп болжады. Сондай-ақ таулы аймақтарда тұман түсіп, республиканың батысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Елімізде түнде ауа температурасы ақырындап көтеріледі деп болжанып отыр. Ауа температурасы:
- батыста -5...-15 градус;
- солтүстік-батыс пен орталықта -10...-25 градус;
- солтүстікте -17...-28 градус;
- оңтүстікте -5...-18 градус;
- оңтүстік-шығыста -10...-25 градус болады.
Десе де мамандар алдағы күндері Қазақстанның шығысында -30...-40 градус аяз сақталатынын ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2050616-sinoptikter-elimizde-ayaz-qasan-basylatynyn-bolzady/